Могулдан әлем чемпионатында Юлия Феклистова үздік нәтиже көрсетті
Швейцарияның Аироло қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде жекелей могул сайысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтижені Юлия Феклистова көрсетіп, 11-орынға тұрақтады. Сонымен қатар Юлия Мокина 30-орын, ал Валерия Воловикова 33-орын алды.
Ерлер арасында Денис Раструба 29-орын, Ильнар Ибрагимов 32-орын, Алексей Дегтярев 34-орын, Даниил Коротков 35-орын, ал Дмитрий Пятаков 48-орынға ие болды.
Айта кетейік, 20 наурыз күні чемпионат аясында фристайл-акробатикадан жекелей жарыс өтеді.
Фото: ҰОК
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған