457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

MLB жұлдызының карточкасы рекордтық 5,2 млн долларға сатылды

Бұған дейін дәл осы карточка 2022 жылы Fanatics Premier аукционында 324 мың долларға өткен еді.

Нью-Йорк Янкис клубының ойыншысы, Major League Baseball жұлдызы Аарон Джадждың бейсбол карточкасы аукционда рекордтық 5,2 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды malimsports.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

2013 жылы шығарылған, ойыншының қолтаңбасы қойылған Bowman Chrome Draft Superfractor сериясындағы карточка Fanatics Collect аукцион үйі ұйымдастырған жеке мәміле арқылы сатылған. Бұған дейін дәл осы карточка 2022 жылы Fanatics Premier аукционында 324 мың долларға өткен еді. Осылайша төрт жыл ішінде оның құны 16 еседен астам өскен.

Бұл баға қазір ойнап жүрген спортшылардың карточкалары арасындағы жаңа рекорд болып саналады. Бұған дейінгі көрсеткіш Майк Траутқа тиесілі еді - оның карточкасы 2020 жылы 3,9 миллион долларға сатылған.

Айта кетейік, бұл карточка «Янкис» клубы Аарон Джаджды 2013 жылғы драфтта жалпы 32-нөмірмен таңдаған жылы шығарылған. Bowman Chrome Superfractor - ерекше хромдалған қағаздан жасалатын бейсбол карточкаларының түрі. Әр карточкадан тек бір ғана дана шығарылады.

Аарон Джадж карточкасының сатылымы спорт тарихындағы ең қымбат карточкалардың алғашқы жетілігіне енді. Ал абсолютті рекорд Майкл Джордан мен Коби Брайантқа арналған бірлескен карточкаға тиесілі. Оны Upper Deck компаниясы 2007 жылы шығарып, кейін 12,9 миллион долларға сатылған.

33 жастағы Аарон Джадж MLB лигасында 2016 жылы дебют жасады. 2017 жылы ол «жылдың үздік жаңа ойыншысы» атанды. Сонымен қатар 2022, 2024 және 2025 жылдары Америка лигасының ең құнды ойыншысы (MVP) атағын жеңіп алған. Ол MLB жұлдыздар матчына жеті рет қатысқан.

Фото: Getty Images