457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михайл Шайдоровтың ізбасары әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 51.76 ұпай жинап, 37-орынға тұрақтады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтсіз өнер көрсетті.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 51.76 ұпай жинап, 37-орынға тұрақтады. Осы нәтижеге байланысты Смағұлов жарыстың шешуші кезеңі саналатын еркін бағдарламаға өте алмады. Ережеге сәйкес, еркін бағдарламаға тек үздік 24 спортшы ғана жолдама алады.

Қысқа бағдарламада бірінші орынды жапониялық Рио Наката иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Со Мингю тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір жапониялық спортшы Дайя Эбихара түйіндеді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 6 наурызда аяқталады. Сол күні қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша жарыстың жалпы нәтижесі анықталады.

Айта кетейік, Артур Смағұлов бұған дейін жасөспірімдер арасында Денис Тен мемориалында екі мәрте жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол жасөспірімдер Гран-при кезеңдеріне қатысып, ең үздік нәтижесі ретінде жетінші орынды көрсеткен.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшы АҚШ-та жаттығып жүр. Ол әйгілі бапкер Рафаэль Арутюнянның қол астында дайындалады. Арутюнян – әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанаушылар Илья Малинин мен Софья Самоделкинаның жаттықтырушысы.

Фото: isu.org