457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михаил Шайдоров жас мәнерлеп сырғанаушыларға 6 млн теңгенің сертификатын сыйлады

Спортшы Алматы қаласының №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын балалармен кездескенін хабарлады.

Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдемесінен кейін алматылық жас мәнерлеп сырғанаушыларға 6 млн теңгенің сыйлығын тарту етті, деп хабарлайды malimsports.kz

Спортшы Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласының №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын балалармен кездескенін хабарлады.

«Бүгін Алматы қаласындағы №3 мектепте мәнерлеп сырғанаумен айналысатын балалармен кездесіп, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оларға шағын сыйлық жасадым. Спорттық құрал-жабдықтар алуға арналған сертификаттар табыстадым. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет! Балаларға жағымды эмоция сыйлап, өз күшіне деген сенімін арттыра алғаныма қуаныштымын. Болашақта да сүйікті спортымыздағы балаларға қолдау көрсетуге тырысамын», - деп жазды Шайдоров.

Айта кетейік, бұған дейін спортшы келісімшартқа қатысты дау кезінде өзіне тиесілі қаржы төленген жағдайда, жиналған жалақысының барлығын Балаларды қорғау күніне орай балаларға көмек көрсетуге жұмсайтынын айтқан болатын.

«Спорт Шредингера» басылымының мәліметінше, Михаил Шайдоров 30 жас спортшыға кәсіби мәнерлеп сырғанау жабдықтарын сатып алуға арналған 200 мың теңгелік сертификаттар табыстаған. Осылайша спортшы балаларға жалпы сомасы 6 миллион теңге көлемінде қолдау көрсеткен.

Фото: Ашық дереккөзден