457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михаил Шайдоров үшінші мәрте Cup of China турнирінде жүлдеге ілінді

Бұл сайыста отандық спортшы үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды.

Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен Cup of China турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл сайыста әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды.

Осылайша спортшы аталмыш турнирде үшінші жыл қатарынан жүлделі орыннан көрінді. Бұған дейін ол 2023 жылы қола, ал 2024 жылы күміс медаль жеңіп алған болатын.

Қорытынды ұпай бойынша жапон спортшысы Шун Сато 278.12 ұпаймен бірінші орын алды. Екінші орынды италиялық Даниэль Грассль (269.43), ал үшінші орынды қазақстандық Михаил Шайдоров (262.67) иеленді.

Енді отандасымыз 14–16 қараша күндері АҚШ-та өтетін Saatva Skate America турнирінде бақ сынайды. Бұған дейін Михаил қазан айының басында Алматыда өткен Денис Тен мемориалында топ жарған еді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы