Мәзір
Жаңалықтар

Михаил Шайдоров спорт министрлігімен келісімшартқа қол қойғаннан кейін АҚШ-қа аттанды

Сабина Асқарқызы 71 қаралым
Михаил Шайдоров спорт министрлігімен келісімшартқа қол қойғаннан кейін АҚШ-қа аттанды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жаңа олимпиадалық циклге дайындықты бастау үшін АҚШ-қа барды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады malimsports.kz. 

Шайдоров АҚШ-тағы ең ірі мұз ареналарының бірі саналатын Калифорния штатындағы Great Park Ice кешенінің алдында түскен суретін жариялады.

«Қарбаласқа толы айды асыға күтіп жүрмін», – деп жазды спортшы.

Бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровпен жасалған келісімшартта 2030 жылғы Олимпиада ойындарында жүлде алу міндеті сақталғанын мәлімдеді.

«Келісімшарт – стандартты құжат. Біздің спортшылармен жасалатын барлық келісімдерде белгілі бір міндеттемелер қарастырылған. Бұл талаптар Олимпиада спортшыларына да, басқа деңгейдегі спортшыларға да бірдей қолданылады. Қазіргі уақытта Михаил Шайдоровтың командасы АҚШ-та дайындалып жатыр. Оқу-жаттығу жиыны шамамен екі айға созылады. Сонымен қатар келісімшартта қандай да бір қаржыны қайтару жөніндегі талаптар қарастырылмаған», – деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров алдағы олимпиадалық циклде Қазақстан атынан өнер көрсетіп, 2030 жылғы Олимпиада ойындарына дайындалуда.

Фото:  instagram.com/mikhail_shaidorov

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар