457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында чемпион атанды

Отандық мәнерлеп сырғанаушы мемориалда қысқа бағдарламада жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада бірінші орын алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.

Екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді - 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті.

Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев - 16-шы (59.33), Олег Мельников - 17-ші орынға жайғасты (54.19).

Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі