Михаил Шайдоров Алматы шоуында өнер көрсетпейді
Алматыда 5 сәуірде Милан мен Кортинаның соңғы қысқы Олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан жұлдыздарының шоу-өнер көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров аталмыш шарада өнер көрсетпейді.
«Өкінішке орай, күтпеген жағдайларға байланысты Михаил Шайдоров іс-шараға қатыса алмайды. Біз оған ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз және спорттық карьерасында одан әрі табыс тілейміз», - деп жазылхан хабарламада.
Айта кетейік, Шайдоров Қазақстанға 32 жылдан кейінгі алғашқы қысқы Олимпиада алтын медалін және 2026 жылғы Олимпиададағы жалғыз жүлдені әкелген. Елге оралған соң оған үш бөлмелі пәтерге сертификат табыс етілген.
Фото: ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған