Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте қай орында тұрғаны белгілі болды
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 3918 ұпаймен әлемдік рейтингте үшінші орнын сақтап қалды.
22 жастағы қазақстандық спортшы төртінші орында тұрған Жапония өкілі Шун Сатодан 279 ұпайға озып келеді.
Әлемдік рейтингтің көшін 4590 ұпаймен қазіргі әлем чемпионы, АҚШ өкілі Илья Малинин бастап тұр. Екінші орында 4123 ұпаймен жапониялық Юма Кагияма орналасқан.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров соңғы ресми жарысында Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Фото: instagram.com/mikhail_shaidorov
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған