Милад Карими Мажарстанда топ жарды
Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында екінші отандасымыз алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем чемпионатының қола жүлдегері, команда көшбасшысының бірі Милад Карими керме жаттығуында ешкімге дес бермеді. Ол финалда 14.750 балл жинады.
Керме жаттығуының жүлдегерлері:
1. Милад Карими (Қазақстан)
2. Анхель Барахас (Колумбия) 14.650 балл
3. Лучиано Летелиер (Чили) 14.250 балл
Айта кетейік, Дмитрий Патанин еркін жаттығуда жеңімпаз атанған. Бүгін ол қос сырықтың финалында жүлдеге іліге алмады. Қазақстан Сомбатхейдегі шешуші кезеңді 2 алтын медальмен аяқтады.
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған