Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде екі күміс жүлде жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды.
Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды. Финалда Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Бұл жаттығуда Тайбэй өкілі Тан Цзя-Хун 15.366 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үздік үштікті 14.400 ұпай жинаған колумбиялық Анхель Барахас түйіндеді.
Қазақстандық гимнаст Диас Тойшыбек 13.900 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығулар бағдарламасында да күміс жүлдеге ие болған еді.
Сондай-ақ 8 наурыз күні ат снарядындағы жаттығулар бойынша финал өтті. Бұл бағдарламада Нариман Құрбанов бесінші орын алса, Зейнолла Ыдырысов жетінші нәтиже көрсетті.
Фото: ҰОК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған