457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Милад Карими Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Цзуньидегі Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында өтеді.

Милад Карими Қытайда өтетін спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды malimsports.kz
Бас бапкер Александр Кимнің айтуынша, спортшы жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайды.

«Милад Карими Бейжіңдегі бірлескен оқу-жаттығу жиынының екінші аптасының басында жарақат алды. Рентген түсіргеннен кейін кеуде тұсындағы қабырғасында жарық бар екені анықталды. Енді оның толық қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет. Қатты ауырсынуды сезінбесе де, біз спортшының денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көріп, оның орнына Нұртан Идрисовты қостық. Сонымен қатар Қытайға Эмиль Ахмеджановты шақырттық. Ол қосалқы спортшы мәртебесінде болады. Әрине, бұл жағдай командаға әсер етті. Себебі Милад Азия чемпионатында Қытай, Жапония, Тайбэй және Филиппин құрамаларының әлемдік деңгейдегі көшбасшыларымен бәсекеге түсе алатын біздің жалғыз гимнасымыз еді. Ертең жарыс басталады. Құрлық біріншілігінің біз үшін қалай өрбитінін көретін боламыз», – деді Александр Ким.

Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:
- Ильяс Азизов
- Дмитрий Патанин
- Роман Хегай
- Дияс Тойшыбек
- Нұртан Идрисов
- Эмиль Ахмеджанов. 

Цзуньидегі Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында өтеді.

Фото: ҰОК