457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Месси «Камп Ноу» стадионына оралып үндеу жолдады

Фотоларда 38 жастағы футболшының стадион айналасында серуендеп, арена алаңына шыққанын көруге болады.

Атақты аргентиналық футболшы Лионель Месси өзінің ресми Instagram парақшасында Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында түсірілген суреттерін жариялады, деп жазады malimsports.kz

Бұл арена – Мессидің футболдағы үлкен жолы басталған, «Барселона» академиясында өсіп, кәсіби мансабының басым бөлігін өткізген қасиетті алаңы.

«Кеше кешке мен жаныма ерекше жақын жерге оралдым. Бұл – мен өзімді шексіз бақытты сезінген мекен. Сендер мені әлемдегі ең бақытты адамның өзіндей сезіндіре алдыңдар. Бір күні қайта оралып, ойыншы ретінде қоштаса алмаған сол сәтті толықтырғым келеді…» – деп жазды Месси.

Фотоларда 38 жастағы футболшының стадион айналасында серуендеп, арена алаңына шыққанын көруге болады.

Айта кетейік, «Камп Ноу» қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту жұмыстарынан өтуде, алдағы уақытта «Барселона» өз матчтарын қайтадан осы стадионда өткізеді.

Месси 2003 жылдан 2021 жылға дейін «Барселона» сапында ойнап, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Кейін ол Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына ауысып, 2023 жылдан бері «Интер Майами» құрамында өнер көрсетіп жүр.

Фото: Ашық дереккөзден