457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Месси әлем чемпионатыдағы жеңілістен кейін жанкүйерлерге алғаш рет үн қатты

Месси өзінің Instagram парақшасында финалдағы жеңілістің ауыр тигенін жасырмады.

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында жеңілгеннен кейін алғаш рет жанкүйерлерге үндеу жасап, турнир бойы көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты, деп жазады malimsports.kz

Месси өзінің Instagram парақшасында финалдағы жеңілістің ауыр тигенін жасырмады.

«Жанымыз қатты ауырды, бұл жараның жазылуы оңай болмайды. Бірақ жақсы сәттерді де ұмытпаймын. Біз тағдырын өз пайдамызға өзгерткен матчтар мәңгі есте қалады. Бүкіл елдің қолдауы мен команданың еңбегінің арқасында біз тағы да әлемнің үздік құрамаларының қатарына кірдік. Қазір жасаған жетістігіміздің қадірін толық сезіну қиын. Дегенмен бұл команда қатарынан екі әлем чемпионатының финалына дейін жетті», - деп жазды Месси.

Сонымен қатар, аргентиналық шабуылшы жанкүйерлерге турнир бойы қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, әлем чемпионы атанған Испания құрамасын жеңісімен құттықтады.

Еске салсақ, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, 2022 жылы Катарда жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады.

39 жастағы Лионель Месси турнир барысында 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Мергендер жарысында ол Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеден кейінгі екінші орынға тұрақтады. Мбаппе әлем чемпионатында 10 гол соғып, 4 нәтижелі паспен үздік сұрмерген атанды.

Айта кетейік, Месси Аргентина ұлттық құрамасы сапында осы уақытқа дейін 207 матч өткізіп, 125 голдың авторы атанған.

Фото: Ашық дереккөзден