Месси айып соққыларынан гол соғу бойынша Пелені басып озды
Лионель Месси айып соққыларынан соққан голдар саны бойынша футбол тарихында екінші орынға көтерілді. Аргентина құрамасының капитаны мансабындағы 71-ші голын айып добынан соғып, Пеле көрсеткішінен (70) асып түсті, деп жазады malimsports.kz.
Бұл жетістікке ол Интер Майами сапында Нью-Йорк Сити командасына қарсы өткен MLS тұрақты чемпионаты аясындағы матчта (3:2) қол жеткізді. Месси кездесудің 61-минутында айып добынан дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, 38 жастағы аргентиналық жұлдыз айып соққыларынан гол соғу бойынша жеке дара екінші орынға шықты. Ал бұл көрсеткіш бойынша рекорд Жуниньо Пернамбукано еншісінде – оның активінде 77 гол бар.
Айта кетейік, Месси 2023 жылдан бері «Интер Майами» клубында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол командасына алғаш рет MLS чемпионы атануға көмектесті.
Лионель Месси – футбол тарихындағы ең титулды ойыншылардың бірі. Ол 2022 жылғы әлем чемпионаты жеңімпазы, Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы, «Барселона» сапында Испанияның он дүркін чемпионы және «Пари Сен-Жермен» клубымен Францияның екі дүркін чемпионы атанған.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған