457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Меруерт Камалиденова Испаниядағы беделді турнирде жүлдегер атанды

Қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова Испанияда өткен VI Elllobregat Open Chess Tournament халықаралық турнирінде әйелдер арасындағы жарыста күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Барселона маңындағы Сан-Бой-де-Льобрегат қаласында 2025 жылғы 29 қараша мен 8 желтоқсан аралығында ұйымдастырылған бұл турнирдің жүлде қоры 35 050 еуро болды. Дәстүрлі додаға әлемнің 33 елінен 132 шахматшы қатысса, олардың қатарында Қазақстаннан 12 спортшы бақ сынады.

Халықаралық шебер Меруерт Камалиденова жарысты бастапқы рейтингте 63-орыннан бастағанына қарамастан, сәтті ойын өрнегін көрсетіп, 6 ұпай жинады. Нәтижесінде ол жалпы есепте 24-орынға тұрақтап, әйелдер арасындағы 23 қатысушының ішінде екінші нәтиже көрсетті. Осы жетістігі үшін қазақстандық шахматшы 300 еуро көлемінде сыйақы иеленді. Турнирдің алтын жүлдесі үндістандық IM Вантика Агравалға бұйырды.

Айта кету керек, биыл 20 жастағы астаналық спортшы үшін табысты жыл болып отыр. Меруерт Азия чемпионатында және Қазақстан біріншілігінде жүлде алып, ФИДЕ аясындағы командалық жарыстарда да үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен бірге әйелдер арасындағы Әлем кубогында 1/8 финалға дейін жетіп, халықаралық аренадағы өз шеберлігінің тұрақты өсіп келе жатқанын дәлелдеді.

 

 

Фото: ҚШФ