457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мераб Двалишвили қанды айқастан кейін аурухана төсегіне танылды

Двалишвили желіде жедел жәрдем ішінен видео жариялап, Стерлингпен бірге ауруханаға бара жатқанын айтты.

UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Мераб Двалишвили Петр Янмен өткен титулдық айқасты өте ауыр жағдайда аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Рenalty.kz-тің жазуынша, жекпе-жек біткен бойда грузин спортшысына дәрігерлердің көмегі қажет болып, ол аренадан жедел жәрдем көлігімен жөнелтілді. Онымен бірге октагоннан Алджамейн Стерлинг те шықты. Двалишвили желіде жедел жәрдем ішінен видео жариялап, Стерлингпен бірге ауруханаға бара жатқанын айтты.

Ол Stories-те: «Бүгін менің күнім болмады, бірақ бұрынғыдан да мықты боп ораламын. Қолдау білдіргендердің бәріне рақмет», - деп жазды файтер.

Бес раундқа созылған айқас төрешілер бірауыздан қабылдаған шешіммен Петр Янның жеңісімен аяқталды. Көптеген маманның ойынша айқын фаворит болған Мераб алғашқы раундтардан-ақ басымдықты қарсыласына беріп қойды. Нәтижесінде бес раундқа созылған жекпе-жекте денесінен көп жарақат алған американдық файтер қабырға жарақаттары және мұрны сыну себептерімен ауруханаға жеткізілді.

Осылайша, ресейлік спортшы өзінің жеңісті сериясын төрт жекпе-жекке ұзартып, жалпы көрсеткішін 20 жеңіс және 5 жеңіліске жеткізді. Ал 14 жекпе-жектен тұратын әсерлі сериясы үзілген Мераб Двалишвилидің де рекорды — 20 жеңіс және 5 жеңіліс.

Фото: UFC