457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мэн аралы Гран-приінде екі күнде екі мотоциклші қаза тапты

29 жастағы швейцариялық Мауро Пончини мотоциклмен апатқа ұшырап, көз жұмды.

Ұлыбританияның Мэн аралында өтіп жатқан Гран-при жарысының іріктеу кезеңінде екі мотоциклші жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

18 тамыз күні кешкі іріктеу жарысының алғашқы айналымында 29 жастағы швейцариялық Мауро Пончини мотоциклмен апатқа ұшырап, көз жұмды. Онымен соқтығысқан екінші спортшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Ал 19 тамызда жарыс трассасының батыс бөлігіндегі бұрылыстардың бірінде 37 жастағы жергілікті мотоциклші Сэм Нотон апатқа түсті. Ол Мэн аралы Гран-приіне екінші рет қатысып жатқан болатын. Спортшы алған жарақатынан қаза тапты.

Жарысты ұйымдастырушылар марқұмдардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Мэн аралы Гран-приі - Ұлыбритания құрамындағы ерекше мәртебеге ие Мэн аралында өтетін әйгілі мотожарыстардың бірі. Биылғы жарыс бағдарламасы 28 тамызда аяқталады.

Фото: Ашық дереккөзден 

Ең көп оқылған