Мәзір
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады

Сабина Асқарқызы 63 қаралым
Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады

Президент «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады malimsports.kz. 

«Марат Байкамуровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді», - деп жазылған құттықтау мәтінінде.

Айта кетейік, Астанада өткен Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде әскер барысы Марат Байқамұров жеңімпаз атанған болатын. Ол финалда 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаевтан басым түсті.

 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар