Мбаппе тізе жарақатына байланысты ота жасатпайтын болды
"Реал Мадрид" клубының ресми мәліметіне сәйкес, шабуылшы Килиан Мбаппеге тізе жарақатына байланысты ота жасау қажет емес екені айтылды, деп жазады malimsports.kz.
Францияда қосымша тексерістен өткен футболшының сол жақ тізе байламдары созылғаны расталды. Дәрігерлер консервативті (операциясыз) емді жалғастыру орынды деген шешім шығарған.
BBC мәліметінше, ойыншы өкілдері де хирургиялық араласу әзірге талап етілмейтінін растаған.
Айта кетейік, бұл жарақат Мбаппені өткен жылдың соңынан бері мазалап келеді. Ол өткен аптада Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі Бенфикаға қарсы қарымта матчты өткізіп алды және қосымша тексеріс үшін Парижге барған.
Осы маусымда Мбаппе клуб сапында 33 матч өткізіп, 38 гол соққан.
Форвард Испания чемпионатындағы Хетафеге қарсы дүйсенбі күнгі ойынды жіберіп алады. Ал 11 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы Манчестер Ситиге қарсы алғашқы матчқа қатысуы әзірге белгісіз.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған