Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімінде Холанд пен Ямальды қуып жетті
«Реал» (Мадрид) клубының француз шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатындағы ойыншылардың жаңартылған нарықтық құны жарияланғаннан кейін әлемдегі ең қымбат футболшылардың алғашқы үштігіне кірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Transfermarkt мәліметінше, Мбаппенің құны 20 млн еуроға өсіп, 200 млн еуроға жетті. Дәл осындай нарықтық құн қазіргі кезде «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль мен «Манчестер Сити» форварды Эрлинг Холандта да бар.
Холанд 9 желтоқсанда Англия Премьер-лигасындағы жаңартудан кейін 200 млн еуролық межеге жеткен еді.
Қазіргі маусымда Мбаппе 24 матчта 26 гол соғып, Чемпиондар лигасы мен Ла Лигадағы голеадорлар тізімінде көш бастап тұр.
Килиан Мбаппе - 2018 жылғы әлем чемпионы, Франция және Испания чемпионы.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған