Мәзір
Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Өркен Жоямерген 104 қаралым
Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының ширек финалы жалғасып жатыр, деп жазады malimsports.kz. 

2 дүркін әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан 1/4 финалда Шахзод Мұзафаровпен (Өзбекстан) жұдырықтасты. Бір-бірін жақсы білетін боксшылар аңдысып жатпай-ақ, алғашқы раундтан ашық айқасқа кетті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен отандасымыз жеңіске жетті. Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2024 жылғы құрлықтық жарыстың финалында дәл осы Шахзод Мұзафаровты жеңіп, Азия чемпионы атанған.

Фото: olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар