Мәзір
Жаңалықтар

Маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты басталды

Сабина Асқарқызы 188 қаралым
Маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты басталды

Қонаев қаласында маунтинбайктан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 150-ден астам спортшы қатысуда.

Жүлделер ересектер, жастар және жасөспірімдер санаттарында сарапқа салынады. Республикалық турнир 16 қазанда аяқталады.

Бұған дейін Кран-Монтанада (Швейцария) маунтинбайктан әлем чемпионаты өтетіні туралы айтылды. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Ел намысын Денис Сергиенко мен Егор Карасев қорғайды. Айта кетейік, әлем чемпионаты 11-14 қыркүйек аралығында өтеді.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар