Швейцарияның Кран-Монтана қаласында маунтинбайктан кезекті әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Швейцариядағы әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды. Ұлттық құрама сапынан жарысқа Денис Сергиенко мен Егор Карасев қатысады. Олар бұрыннан халықаралық жарыстарда тәжірибе жинап жүрген, еліміздің маунтинбайк спортының көшбасшыларының бірі саналады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 11–14 қыркүйек аралығында өтеді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі