457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстаулық спортшы Дубайда әлем чемпионы атанды

Отандық спортшыға бұл сында бір қолының жоқтығы кедергі бола алмады.

Дубайда өткен ашық суда жүзуден әлем чемпионатында Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт клубының суға жүзу жаттықтырушысы Қуаныш Асқар мыңдаған қатысушы арасында чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz
Отандық спортшыға бұл сында бір қолының жоқтығы кедергі бола алмады. Ол асқан жігері мен қайсарлығын дәлелдеп, жарыс жолында жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Асқар Қуаныш -  өзі жаттықтырушы бола отырып, халықаралық деңгейде белсенді түрде күрделі қашықтықтарды бағындырып жүрген спортшы.

Ол тамыз айында Ақтауда өткен ашық теңіз жарысында 10 км қашықтықты 3 сағат 31 минутта жүзіп өтіп, Дубайдағы әлемдік финалға жолдама алған болатын. 

Осы жолы Қуаныш дәл сол 10 шақырымды 3 сағат 23 минутта еңсеріп, әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған спортшының ішінде үздік нәтиже көрсетті. Жарысқа шамамен 2500 қатысушы қатысқан. Бұл чемпионатта мүмкіндігі шектеулі спортшыларға бөлек категория қарастырылмаған - барлық қатысушылар бірдей уақыт лимитімен сынға түсті.

«Бұл жарыста ешкімді мүмкіндігіне қарай бөлген жоқ. Белгіленген уақыттан кешіксең - нәтиже есептелмейді. Үш ай бойы дайындалып, бүгін алғашқы орынды алдым. 10 шақырым қашықтықта мүмкіндігі шектеулі спортшы ретінде жалғыз өзім қатыстым - бұл мен үшін үлкен мақтаныш», - деді ол.

Сондай-ақ ол жарыс суының ерекшелігін де атап өтті. 

«Дубайда теңіз суы өте ащы. Көзге тисе - ашытады, ауызға түссе - күйдіреді. Бірақ бұл мені тоқтата алмады», - дейді спортшы.

Әлем чемпионатында 2500 қатысушы  қатаң уақыт лимиті, теңіз суының ащылығы мен физикалық қиындықтар тап болды. Бұл сында Қуаныш Асқар бұл сыннан абыроймен өтіп, өз шеберлігін дәлелдеп отыр.

Фото: Ашық дереккөзден