457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Манчестер Сити жанкүйерлері мінген автобус жолда өртеніп кетті

Жанкүйерлер Англия лигасы кубогының финалы аясында «Арсеналға» қарсы матчқа бара жатқан.

Манчестер Сити жанкүйерлерін Лондонға алып бара жатқан автобус жолда өртеніп кетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Жанкүйерлер Англия лигасы кубогының финалы аясында «Арсеналға» қарсы матчқа бара жатқан. Оқиға Бирмингем маңындағы M6 ақылы тасжолында болған.

Куәгерлердің айтуынша, автобус төлем пунктінен өткеннен кейін түтін шыға бастаған. Жүргізуші көлікті жол жиегіне тоқтатқанымен, көп ұзамай қозғалтқыш өртеніп, жалын бүкіл автобусқа таралған.

Жолаушылар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген, алайда автобус толықтай жанып кеткен.

Өрт салдарынан жолдың бір бөлігі жабылып, айналадағы жолдарда үлкен кептеліс пайда болды. Бұл жағдай жанкүйерлердің Уэмбли стадионына уақытында жетуіне қиындық туғызды.

Автобус иелері зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Кейін жанкүйерлер басқа автобустарға отырғызылып, жолдарын жалғастырған.

Фото: Getty Images