457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Манчестер Сити» «Ливерпульді» алты жылдағы ең ірі сенсациялық есеппен жеңді

Кездесуде норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд хет-трик авторы атанды

«Манчестер Сити» футбол клубы Англия кубогының ширек финалында өз алаңында «Ливерпульді» 4:0 есебімен ірі жеңіске ұшыратты, деп хабарлайды malimsports.kz

Кездесуде норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд хет-трик авторы атанды (39-минут - пенальтиден, 45+2, 57). Сондай-ақ Антуан Семеньо 50-минутта бір гол соқты.

64-минутта «Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах пенальтиден мүлт кетіп, оның соққысын қақпашы Джеймс Траффорд қайтарды.

Бұл командалардың тарихтағы 221-ші кездесуі болды. Жалпы статистика бойынша «Манчестер Сити» 63 рет жеңіске жетсе, «Ливерпуль» 110 мәрте басым түскен, ал 58 ойын тең аяқталған.

Айта кетейік, «Манчестер Сити» соңғы рет «Ливерпульді» дәл осындай ірі есеппен 2020 жылдың шілде айында Англия Премьер-лигасында (4:0) жеңген болатын. Ал «Ливерпуль» бұған дейін мұндай ірі есеппен жеңіліп көрмеген еді. Биылғы маусымда олар төрт голды бір ойында соңғы рет 2025 жылдың қарашасында Чемпиондар лигасында ПСВ клубынан өткізген.

Англия кубогының ширек финалындағы өзге кездесулерде «Саутгемптон» - «Арсенал», «Челси» - «Порт Вейл» және «Вест Хэм» - «Лидс» командалары өзара мықтыны анықтайды.

Фото: Getty Images