Максим Сажнев U20 әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы жарыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кезекті жарыс күнінде әлем чемпионатының финалына Максим Сажнев жолдама алды.
Қазақстандық спортшы диск лақтырудан іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтиже көрсетті. Осылайша U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.
Сажнев финалға алтыншы орынмен шықты. Бұл сайыстағы жүлделер 9 тамызда сарапқа салынады.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған