Бахрейнде өткен III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Максим Сажнев ерлердің диск лақтыру сайысында жеңімпаз атанды. Финалдық кезеңде ол снарядты 63,23 метрге лақтырып, алтын медаль иегері болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осыған дейін шымкенттік жеңіл атлет ел тарихында ерекше нәтижеге қол жеткізген еді – ол U-18 санатында Қазақстан рекордын жаңартып, 38 жыл бойы бұзылмаған Виктор Горелышевтың көрсеткішін жаңартқан болатын. Сол жарыста Максим дискіні 59,71 метрге дейін лақтырып, жаңа ұлттық рекорд орнатқан еді.
Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік үш елдің қатарына енді.
Фото: Спорт комитеті