2025 жылдың 10-14 қыркүйек күндері Индонезия астанасы Джакартада дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстанның жас татами шеберлері бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Құрлық біріншілігіне «Күрес түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары қатысады. Құрамда дзюдодан әлем чемпионы, танымал спортшы Максим Раковтың ұлы – Егор Раков та бар. Ол 90 кг салмақта ел намысын қорғайды.
Қазақстан құрамасы:
Ұлдар
Есенгелді Дармен (-60 кг)
Жеңісұлы Қайрат (-60 кг)
Болат Али (-66 кг)
Ержанов Ерасыл (-66 кг)
Кенескан Ернар (-73 кг)
Салхан Сапарғали (-81 кг)
Раков Егор (-90 кг)
Нұртаза Ерасыл (-100 кг)
Сұлтан Бейбарыс (+100 кг)
Қыздар
Құралбай Іңкәр (-48 кг)
Шугаева Сара (-52 кг)
Шыңғысхан Гүлхан (-52 кг)
Каракенова Карина (-57 кг)
Асылханова Дамеля (-63 кг)
Бітімбай Шынар (-70 кг)
Ахметова Салтанат (-78 кг)
Бақытбек Көркем (+78 кг)
Ерғали Томирис (-78 кг)
Құраманы жарысқа аға жаттықтырушылар Мырзай Бақнұр мен Мейржан Қалтаев дайындайды.