Макрон Мбаппеге нәсілшілдік сипаттағы қорлаулардан кейін қолдау білдірді
Франция президенті Эммануэль Макрон Парагвай сенаторы Селеста Амарильяның Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппеге қатысты айтқан нәсілшілдік сипаттағы мәлімдемелерін қатаң айыптап, футболшыға қолдау білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Елисей сарайының мәлімдемесіне сәйкес, Франция президенті Мбаппе мен ұлттық құраманы нәсілдік кемсітушілікке қарсы толық қолдайтынын жеткізген.
Сонымен қатар, Парагвай президенті де Макронға хат жолдап, сенатор Амарильяның айтқан сөздерін айыптаған.
Дау Франция мен Парагвай арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалдық матчынан кейін туындады. Кездесу француздардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталып, жалғыз голды Мбаппе пенальтиден соқты. Ойыннан кейін Парагвай қақпашысы Орландо Хиль Мбаппе қолын қыспағанына ашуланып, допты оған қарай лақтырып жіберген.
Осы оқиғадан соң сенатор Селеста Амарилья әлеуметтік желіде бірнеше қорлайтын жазба жариялап, Мбаппені балағаттап, оның шығу тегіне қатысты нәсілшілдік сипаттағы пікірлер айтқан.
Мбаппе өз кезегінде сенатордың сөзіне жауап беріп, мұндай өшпенділік пен нәсілшілдікке жол бермейтінін мәлімдеді. Ал Франция футбол федерациясы сенатордың әрекетіне байланысты прокуратураға ресми шағым түсіріп, оны заң аясында жауапқа тартуды талап етті.
Айта кетейік, Франция құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 9 шілде күні Мароккомен кездеседі.
Фото: Kai Pfaffenbach / Reuters
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған