Майкл Джордан ең көп табыс тапқан спортшы атанды
Америкалық Sportico порталы спорт тарихындағы ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тізімде көш басын аты аңызға айналған баскетболшы Майкл Джордан бастап тұр. Оның мансап бойындағы жалпы табысы инфляцияны есептегенде 4,5 миллиард долларды құраған.
Екінші орынға гольфшы Тайгер Вудс (2,88 млрд доллар), ал үшінші орынға футболшы Криштиану Роналду (2,52 млрд доллар) жайғасты.
Зерттеуде спортшылардың табысы олардың кәсіби мансабы кезінде ғана емес, мансап аяқталғаннан кейінгі кірістерімен қоса есептелген. Мәселен, Майкл Джордан әлі күнге дейін Nike компаниясымен жасалған келісімшарттан қомақты табыс табуда.
Алғашқы ондыққа сондай-ақ мына спортшылар енді:
– Леброн Джеймс — 2,03 млрд доллар
– Лионель Месси — 1,99 млрд доллар
– Арнольд Палмер — 1,85 млрд доллар
– Джек Никлаус — 1,83 млрд доллар
– Дэвид Бекхэм — 1,68 млрд доллар
– Роджер Федерер — 1,67 млрд доллар
– Флойд Мейвезер — 1,57 млрд доллар
Рейтингке енген 50 спортшының жалпы табысы 56,2 миллиард долларды құрады. Олардың ішінде басым бөлігі - баскетболшылар (13), одан кейін гольфшылар (8) мен боксшылар (7).
Айта кетейік, тізімдегі жалғыз әйел спортшы Серена Уильямс (теннис) болып отыр. Ол 680 миллион доллар табыспен 40-орынға жайғасқан.
Сарапшылардың мәліметінше, топ-50 құрамындағы спортшылардың тек 17-сі ғана әлі де кәсіби мансабын жалғастырып келеді.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған