Магнус Карлсен шахматтан тоғыншы рет блиц бойынша әлем чемпионы атанды
Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Дохада (Катар) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында тоғыншы рет жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Финалда ол Өзбекстандық Нодирбек Адбусатторовты 2,5:1,5 есебімен жеңді. Бұл Карлсеннің турнирдегі төртінші қатарынан жеңісі болды. Бұған дейін ол сонымен қатар жылдам шахматтан әлем чемпионы атанған.
Сайыс 19 раундтық іріктеуден кейін төрт үздік шахматшы плей-оффқа шықты: үздік нәтиже көрсеткен Арджун Эригайси (Үндістан) – 15 ұпай, содан кейін Фабиано Каруана (АҚШ) – 14, Карлсен – 13,5, Адбусатторов – 13. Жартылай финалда Карлсен Каруананы, Адбусатторов Эригайсини жеңді.
Карлсен бұған дейін блиц бойынша әлем чемпионатын 2009, 2014, 2017, 2018, 2019, 2022, 2023 және 2024 жылдары (соңғысы Ян Непомнящимен бірлесіп) жеңген.
Бұл сында қазақстандық Бибисара Асаубаева (Қазақстан) үшінші рет әлем чемпионы атанып, финалда украиналық Анна Музычукты 2,5:1,5 есебімен жеңді.
Фото: Global Look Press
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған