Мәзір
Жаңалықтар

Линц Гран-приінде Қазақстан балуандары екі жүлде иеленді 

Сабина Асқарқызы 105 қаралым
Линц Гран-приінде Қазақстан балуандары екі жүлде иеленді 

Дзюдодан Аустрияның Линц қаласында аяқталған Гран-при турнирінде Маңғыстау облысының балуаны Нұртілек Жантілепұлы жүлдегерлер қатарынан көріне алмады, деп хабарлайды malimsports.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

6-8 наурыз күндері аралығында өткен бәсекеге ҚР ұлттық құрамасы толық құрамда қатысқан болатын. Алайда +100 келіде күрескен Жантілек Нұртілекұлы белдесуінде Сербия балуаны Игорь Вракармен кездесуде осалдық танытты. 

Аталған сында ұлттық құрама балуаны Алмат Әділет (-81кг) чемпион атанса, Шерзод Давлатов (-60 кг) қола жүлдеге ие болды. Сонымен бірге, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері  Абиба Әбужақынова, Аман Бақытжан (-60 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберді. 

Айта кететін жайт, алда ҚР ұлттық құрамасының балуандары 20-22 наурыз күндері Тбилиси Гранд Слэмінде белдеседі. Олардың қатарында Маңғыстау облысының балуаны Асқар Нарқұлов та (-81 кг) бар.

Фото: ҚР дзюдо федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар