457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лани Паллистер 800 метрге еркін жүзуден әлем рекордын жаңартты

Оның бес алтын жүлдесі қысқа бассейндегі әлем біріншіліктерінде жеңіп алынған.

Аустралиялық жүзуші Лани Паллистер 800 метрге еркін жүзуден әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz

Спортшы Торонто қаласында өткен қысқа бассейндегі Әлем кубогы кезеңінде қашықтықты 7 минут 54 секундта жүзіп өтті.

Бұл нәтижемен ол АҚШ спортшысы Кэти Ледекидің 2022 жылы орнатқан (7 минут 57,42 секунд) бұрынғы рекордын жаңартты.

23 жастағы Паллистер – Париж Олимпиадасының чемпионы, сондай-ақ жеті дүркін әлем чемпионы. Оның бес алтын жүлдесі қысқа бассейндегі әлем біріншіліктерінде жеңіп алынған.

Жаңа рекорд аустралиялық спортшының әйелдер арасындағы жүзуде әлемнің ең үздік спортшыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фото: tass.ru