457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Куат Хамитов Ереванда өтетін Hype FC турнирін жүргізеді

Бұл туралы лиганың ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Танымал қазақстандық ММА файтері Куат Хамитов жұлдызды UFC спортшылары қатысатын Hype FC турнирін жүргізетін болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы лиганың ресми Instagram парақшасында хабарланды. Аталған спорттық шара 30 желтоқсан күні Армения астанасы Ереванда өтеді.

Лига мәліметінше, «Найман» лақап атымен танылған Куат Хамитов турнирдің басты жүргізушісі ретінде көрермендерге ерекше атмосфера сыйлайды. Бұл - оның спорттан тыс саладағы жаңа қырын көрсететін маңызды қадамдардың бірі.

Турнирдің басты жекпе-жегінде UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орында тұрған Арман Царукян мен UFC жұлдызы, орта салмақта өнер көрсететін Шарабутдин «Шара Буллет» Магомедов кездеседі. Айта кетейік, Магомедов бұған дейін 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде UFC-дің үздік 15 файтерінің қатарында болған.

Ереванда өтетін бұл кездесу бразилиялық джиу-джитсу ережелері бойынша ұйымдастырылады. Жекпе-жек UFC жұлдыздарының жаңа форматтағы бәсекесін тамашалауға мүмкіндік береді.

Фото: instagram.com/kuat__khamitov