457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кристина Шумекова «Парасат» орденімен марапатталды

Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ көпсайыс пен командалық спринтте алтын медаль иеленді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен конькимен жүгіруші Кристина Шумекованы Парасат орденімен марапаттады, деп хабарлайды malimsports.kz

Спортшы әлем біріншілігінде бірнеше медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына маңызды жүлделер салды. Атап айтқанда, Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ көпсайыс пен командалық спринтте алтын медаль иеленді. Командалық спринт жарысында ол Варвара Глухова және Анастасия Беловодовамен бірге жеңіске жетті. Сонымен қатар 3000 метр қашықтықта күміс медаль еншіледі.

Мамандардың бағалауынша, Шумекованың бұл жетістігі конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында Қазақстан спортшылары көрсеткен ең жарқын нәтижелердің бірі саналады.

Фото: Ақорда