457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кристина Шумекова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында топ жарды 

Отандасымыз 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты.

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz
Отандасымыз Кристина 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты. Бұл көрсеткіш спортшының жаңа жеке рекордына айналды.
Күміс жүлдені канадалық Джулия Снелгров (38,78) иеленсе, қола медаль польшалық Виктория Дабровскаға (38,96) бұйырды.
Аталған қашықтықта Қазақстан намысын қорғаған өзге спортшылар да бақ сынады: Анастасия Беловодова 12-орынға тұрақтады, Варвара Глухова 13-сатыға жайғасты. Алина Шумекова 30-нәтиже көрсетсе, Айзада Рымбек 54-орынмен жарысты аяқтады.
Айта кетейік, дәл осы 500 метрлік спринтте 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Екатерина Айдова Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы