Кристина Шумекова әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова әлем Кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл күндері Милан қаласында (Италия) конькимен жүгіруден жасөпірімдер арасында әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр. Отандасымыз Кристина Шумекова
1000 (1:17.485 секунд) және 3000 метрлік (4:13.08) жарыста ешкімге дес бермей, екі алтын медаль жеңіп алды.
1000 метрде жапониялық Аяно Секигучи күміс, Польша өкілі Ханна Мазур қола иеленді. Бұл сында тағы бір қазақстандық Анастасия Беловодова 6-орыннан көрінді. Ал 3000 м қашықтықта Нидерланды спортшы Лике Хейзинк екінші болса, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған