Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы Кристина Шумекова Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші алтын жүлдесін иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Аяно Сэкигучи (Жапония) – 1:16.66 нәтижемен иеленсе, қола жүлде Джанин Роснерға (Австрия) бұйырды – 1:17.00.
Қазақстандық Анастасия Беловодова 1:17.99 уақыт көрсеткішімен жетінші орын алды. Варвара Глухова 32-сатыға тұрақтаса, Айзада Рымбек 34-орыннан көрінді.
Айта кетейік, бұған дейін Шумекова 500 және 1500 метр қашықтықтарында да топ жарған болатын.
Фото: ҰОК