Мәзір
Жаңалықтар

Кристина Силаева Әлем кубогы кезеңінде төртінші орынға тұрақтады

Сабина Асқарқызы 112 қаралым
Кристина Силаева Әлем кубогы кезеңінде төртінші орынға тұрақтады

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Силаева Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Турнир аясында 500 метр қашықтықта жүлделер мен рейтингтік ұпайлар екінші рет сарапқа салынды.

Силаева 37,67 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, төртінші орынға ие болды.

Польшалық Кая Земек-Ногаль (37,25) алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Германия спортшысы Софи Вармут (37,61) иеленсе, үздік үштікті Нидерланд өкілі Маррит Фледдерюсқа (37,62) түйіндеді.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар