Криштиану Роналду «Реал» президентіне өтініш білдірді
Португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду мадридтік «Реал» клубының президенті Флорентино Переске жеке өтініш жасап, ұлына U-16 командасымен жаттығуға мүмкіндік беруді сұраған, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс басылымдарының мәліметінше, 15 жастағы Роналдудың ұлы шынымен де «Реалдың» жасөспірімдер командасымен жаттығып жүр. Алайда бұл толыққанды қаралым немесе келісімшартқа дайындық емес.
Хабарланғандай, мадридтік клубтағы жаттығулар уақытша сипатқа ие және ойыншының физикалық әрі ойындық формасын сақтау үшін ұйымдастырылған. Кей деректерге сүйенсек, «Реал» клубы оған келісімшарт ұсынуды жоспарлап отырған жоқ.
Басылымның жазуынша, жас футболшының Испанияда болуы оның қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы «Аль-Наср» академиясында жаттығуын жалғастыра алмауымен байланысты.
Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, Роналду-кішіге «Реалда» жаттығуға рұқсат оның әкесі Криштиану Роналдудың Флорентино Переске жеке өтініш жасағанынан кейін берілген.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған