Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден Әлем кубогінің алғашқы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.
Ел құрамасынан еркін бағдарламада Эдуард Ким мен әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова бастаған аруларымыз чемпион атанды.
Күміс жүлдені акробатикалық командамыз (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ямин Тұяқова, Ясмина Исламова) иеленді.
Қола жүлдегерлердің тізіміне Виктор Друзин (техникалық соло), Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (аралас техникалық дуэт), Наргиза Болатова мен Виктор Друзин (аралас еркін дуэт) кірді.
Фото: СДД