457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында бесінші орынға тұрақтады

Ұршықтармен орындалатын жаттығуда қазақстандық гимнаст 29.400 ұпай жинады.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп жазады malimsports.kz. 
16 тамызда спортшы таспамен және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалында өнер көрсетті.
Ұршықтармен орындалатын жаттығуда қазақстандық гимнаст 29.400 ұпай жинады. Нәтижесінде Ерекешева бесінші орынға ие болды.
Ал таспамен орындалатын жаттығуда төрешілердің шешімімен 27.350 ұпай иеленді. Осылайша Ақмарал сегізінші орын алды.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды. Бұған дейін ол жекелей көпсайыста алтыншы орын алған еді.

Фото: ҰОК 

Ең көп оқылған