Көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында алтыншы орынға тұрақтады
Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс аясында жекелей көпсайыстың финалы аяқталды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева қорғады. Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст 115,800 ұпай жинап, қорытынды есепте алтыншы орынға ие болды.
Жарыста Германия өкілі Дарья Варфоломеев 119,500 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Болгария өкілі Стиляна Николова (117,600) иеленсе, италиялық София Раффаэли 117,550 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешеваның Франкфурттағы жарысы мұнымен аяқталмайды. 16 тамызда ол шығыршық және таспамен орындалатын жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Ерекешева үшін бұл әлем чемпионаты - ересектер арасындағы алғашқы әлемдік дода.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған