457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Конкурдан Қазақстан чемпионатында астаналық шабандоздар үздік нәтиже көрсетті

Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық клуб өкілдері негізгі маршруттарда үздіктер қатарынан көрінді.

Астанада өткен конкурдан Қазақстан чемпионатында елордалық Prestige Horse Club спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды, деп жазады malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, чемпионат қорытындысы бойынша астаналық клуб өкілдері негізгі маршруттарда үздіктер қатарынан көрінді. 130 см биіктіктегі маршрутта (А тобы) Олег Соколенко 11 қатысушының арасынан озып шығып, бірінші орынды иеленді.
120 см биіктіктегі маршрутта (В тобы) елордалық спортшылар жүлделі тұғырды толықтай иеленді. Раиса Соколенко 22 қатысушының ішінен үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Олег Соколенко екінші және үшінші орындарды иеленіп, клубтың айқын басымдығын көрсетті.

Сонымен қатар 130 см биіктіктегі маршрутта (В тобы) Олег Соколенко 18 қатысушы арасында тағы да үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Жалпы чемпионат қорытындысында астаналық спортшылар өзге де бағыттарда табысты өнер көрсетіп, дайындық деңгейінің жоғары екенін және ұлттық деңгейде тұрақты нәтиже көрсетіп келе жатқанын дәлелдеді.

Фото: Қазақстан ат спорты федерациясы