Конькимен жүгіруден Әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді
Хамарда (Норвегия) конькимен жүгіруден Әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңі өтеді. Ел намысын 12 спортшы қорғайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Құрамаға Нұралы Ақжол, Евгений Кошкин, Надежда Морозова, Роман Биназаров, Виталий Щиголёв, Артур Галиев, Александр Кленко, Никита Важенин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева, Алёна Лифатова және Кристина Силаева енді.
Әлем кубогының кезеңі 12-14 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл Хамардағы дода қазіргі маусымдағы Әлем кубогының төртінші кезеңі және 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеудің соңғы жарысы болады.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған