457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандықтар жүлдесіз қалды

Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан Артур Галиев пен Арина Ильященко өнер көрсетуде.

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан Артур Галиев пен Арина Ильященко өнер көрсетуде.

Жарыстың алғашқы күні 500 және 1000 метр қашықтықтарындағы алғашқы сайыстар өтті.

Нәтижесінде отандастарымыз жалпы аралық есепте мынадай орындарға жайғасты:

Артур Галиев - 26-орын (жалпы 70.905 ұпай)

Арина Ильященко - 19-орын (77.660 ұпай)

Бүгін, 6 наурызда осы қашықтықтарда екінші сайыс өтеді. Соның қорытындысы бойынша жинаған ұпай санына қарай әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталады.

Қазіргі уақытта Фемке Кок (Нидерланд) пен Йеннинг де Бу (Нидерланд) көш бастап тұр.

Фото: ҰОК