Мәзір
Жаңалықтар

Колумбия құрамасы Гананы жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды

Сабина Асқарқызы 54 қаралым
Колумбия құрамасы Гананы жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды

Футболдан Колумбия ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Гана құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффтың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Кездесу АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында орналасқан «Эрроухед» стадионында өтті.

Матчтағы жалғыз гол 14-минутта соғылды. Шабуылшы Джон Ариас Луис Суарестің нәтижелі пасын голға айналдырып, командасына жеңіс сыйлады. Ал Гана құрамасы бүкіл матч бойы қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады.

Осылайша, Колумбия құрамасы 2014 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетіп, 1/8 финалға шықты.

Енді Колумбия 1/8 финалда Швейцария құрамасымен кездеседі. Матч 8 шілде күні Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Ал Гана құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Фото: Selección Colombia

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар