457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көкшетауда IV республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары басталды 

Биылғы жарыста 11 облыстан 300-ден астам жас спортшылары қатысуға ниет білдірді.

Бүгін, 8 желтоқсан күні Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт сарайында 4 жылда бір мәрте өтетін республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындарының ашылуы өтті, деп хабарлайды malimsports.kz
8-13 желтоқсан күндері аралығындағы бәсекеде шайбалы хоккей, шаңғы, конькимен жүгіруден 2008-2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдердің арасында жүлделер сарапқа салынады.
Биылғы жарыста 11 облыстан 300-ден астам жас спортшылары қатысуға ниет білдірді. Шайбалы хоккейді Көкшетау қаласы қабылдаса, шаңғы жарысы Щучинскте және конькимен жүгіру Қостанайда өтеді.
Қазақстан тарихында республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары 2013 жылы дәл осы Ақмола облысынан басталған болатын.

Фото: Спортты дамыту дирециясы